Колледждің стратегиялық жоспары


МҰҒАЛІМДЕР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Студенттерді ғылыми-тәжірибелік жұмысқа тарту, медициналық мамандықтардың дамуына ықпал ету, студенттердің одан әрі мамандық бойынша білім алуына ықпал ету мақсатында КеАҚ «Астана медициналық университетімен» меморандум жасалған. Соның аясында біздің студенттер түрлі конференцияларға қатысып, университеттің симуляциялық қорларын пайдалана алады.

Осы меморандум аясында колледжде ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды, зертханада макропрепараттармен жабдықталған кіші анатомиялық мұражай ашылған. Колледж студенттері медициналық университеттің интерндерімен бірлескен түрде ғылыми жетекшілер арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, жұмыс нәтижелері туралы ғылыми-тәжірибелік конференцияларда сөз сөйлеп, ғылыми басылымдарда жариялайды.


Оқытушылар түрлі деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысады. Колледж үздіксіз білім беру жүйесінде "колледж-ЖОО" бойынша Астана медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен жұмыс жасайды. Колледж оқытушыларының әзірленген әдістемелік жұмыстары "Физиология" кафедрасының отырыстарында талқыланады және пікірлер, ұсынымдар беріледі, оқытушылар өзара тәжірибе алмасады.

Оқытушылар мен студенттер университеттің ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысады, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау жұмыстарына қатысады. Жұмыс «Физиология өнертапқыштары» үйірмесінің мүшелерімен бірлесіп жүргізіледі.

Колледждің жетістіктері

- «Үздік білім беру мекемелері» номинациясында Мемлекетаралық сараптамалық кеңес төралқасының ұсынуы бойынша 1 дәрежелі диплом;

- білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін колледж халықаралық энциклопедияға енгізілді;

- колледж басшысы А. М. Адылканова білім дамуына қосқан үлесі үшін  Қазақстанның “Алтын кітабына” енгізілді;

- Б. А. Сейдахметова «ҚР 100 жаңа мұғалім есімі» республикалық белгісімен марапатталды;

- А.Т. Қарпаева – «Үздік жас маман» Республикалық медалімен; 4 курс студенті Айтуған Мөлдір «Топ 100 Үздік студент» республикалық жобасының үздік бестігіне, Рау Нұрсәуле – үздік ондыққа кірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ
Сертификаты, лицензии
ДОСТИЖЕНИЯ