Студенттерді ғылыми-тәжірибелік жұмысқа тарту, медициналық мамандықтардың дамуына ықпал ету, студенттердің одан әрі мамандық бойынша білім алуына ықпал ету мақсатында КеАҚ «Астана медициналық университетімен» меморандум жасалған. Соның аясында біздің студенттер түрлі конференцияларға қатысып, университеттің симуляциялық қорларын пайдалана алады.
Осы меморандум аясында колледжде ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды, зертханада макропрепараттармен жабдықталған кіші анатомиялық мұражай ашылған. Колледж студенттері медициналық университеттің интерндерімен бірлескен түрде ғылыми жетекшілер арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, жұмыс нәтижелері туралы ғылыми-тәжірибелік конференцияларда сөз сөйлеп, ғылыми басылымдарда жариялайды.