Колледж студенттері Астана медициналық университетінде өткен сайыста жүлделі оралды

Қазіргі уақыттың ең басты талаптарының бірі ынтымақтастықты дұрыс жолға қоя білу болып отыр, осы бағытта Астана қаласындағы "Шипагер" медициналық колледжі Астана медициналық университетінің қалыпты физиология кафедрасымен бірнеше жыл бойы бірге жұмыс жасауда, бірнеше рет өткізілген республикалық, халықаралық іс-,шараларға өзара тығыз байланыса отырып, белсене қатысу, өзара тәжірибе алмасу жүзеге асуда! 24.04.24 күні Университет қабырғасында қалыпты физиология кафедрасының ұйымдастыруымен "Физиология өнертапқыштары" атты олимпиада өткізіліп, университет студенттері қатарында барлығы 70 жұмыстың ішінде үздік деп танылып колледжіміздің студенттері Рамазанова А., Кимасов Р., Исабекова А., Мукашев М. арнайы пән оқытушысы Хасенова К.М. жетекшілігінде жүлделі 3 орынға ие болды!!! құттықтаймыз!!!
Толығырақ