"Әдістемелік кеңес сағаты" жобасы аясында семинар өткізілді

11.04.23 күні Астана қаласы Әкімдігінің "Әдістемелік Орталығының" жоспарына сай "Шипагер" медициналық колледжінде "Әдістемелік кеңес сағаты" жобасы аясында семинар өткізілді. Колледж ұжымы мен болашақ медицина мамандары келген қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлау үшін арнайы "Медициналық зерттеуден" өткізіп медициналық қызмет көрсету арқылы күтіп алды. Орталық әдіскерлері оқытушылар Н.Бекбосын, Б.С.Космагулова, Ұ.Қ.Өтел, М.Б Садыковтың сабақтары мен шебер-сыныптарына қатысып, ұстаздарымызға әдістемелік бағытта өте пайдалы кеңестер беріп, сабақтарда қолданылған оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері өте тиімді болғанын, оқытушылардың тәжірибелері де жоғары екенін атап өтті. Соңынан колледж педагогтарына семинар өткізіп, аттестациядан өту сатылары, жалпы ережелері, әдістемелік бағыттағы авторлық жұмыстарды дайындау туралы әдістемелік бағытта кеңестер беріп өтті. Оқытушылар өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға толық жауап алды.