Қазіргі таңда 150 студент дуальды оқыту бойынша білім алуда.
Мамандығы: 09130100 “Мейіргер ісі”, біліктілігі: 4S09130103 Жалпы практикадағы медбике
Мамандығы: 09120100 “Емдеу ісі”, біліктілігі: 4S09120101 Фельдшер.
2020 жылдан бастап колледжде "Шипагер" қайырымдылық жобасы жұмыс істейді . Аталған жобаның авторы - колледж студенті Каршигаева Гүлзат.
Жобаның мақсаты:
- мүгедектерге алғашқы медициналық көмек көрсету, моральдық қолдау көрсету.
Міндеттері:
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін таңу жұмыстарын жүргізу;
- қан қысымын, дене температурасын өлшеу, дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдауды бақылау және т. б.;
- жылы сөздермен моральдық қолдау;
- студенттермен концерттер, мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру;
- Астана қаласының әлеуметтік қолдау орталығымен бірлесіп жұмыс істеу.