Жүректен жүрекке

2022 жылдың 10 қазанында «Шипагер» медициналық колледжінде 3-ші студенттік емханамен бірге Психикалық денсаулық күніне орай «Жүректен жүрекке» тақырыбында суретті парақтар сайысы өткізілді, студенттер парақшаларға өз жүрегіндегі суреттерін салды, флешмоб биледі және бір-біріне жылы лебіздерін білдірді, 3 қалалық емхананың психологтары үздік парақшаларды атап өтіп, грамоталармен марапаттады. Психикалық денсаулық біз үшін өте маңызды, өйткені ол біздің тұлғамыздың негізі болып табылады.