Учреждение «Медицинский колледж Шипагер»

2023 жылдың мамыр айының 18 жұлдызында Астана қаласы Әкімдігінің әдістемелік орталығы мен Астана қаласы "Шипагер" медициналық колледжінің бастамасымен жоспарға сай Астана қаласы әкімдігінің қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының қолдауымен алғаш рет Астана қаласы медициналық колледждері түлектерінің арасында "Емдеу ісі" мамандығы бойынша "Үздік жедел жәрдем бригадасы-2023" атты қалалық байқау ұйымдастырылып өткізілді.Сайысқа серіктестер, колледж басшылары, Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығы, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы өкілдері шақырылды. Астана қаласы бойынша 5 колледжден 5 топ белсенді түрде, жоғары деңгейдегі дайындықпен қатысты. Сайыс ілімділік және тәжірибелік бөлімнен тұратын 6 тур бойынша өткізілді. Барлық топтар өте жоғары деңгейді көрсетіп, сайыс тартысты өтті. Қатысушыларды халықаралық, респкбликалық деңгейдегі сайыстар жеңімпазы, халықаралық деңгейдегі инструкторлар бағалады. Сайыс қатысушыларының бәріне сертификаттар мен сыйлықтар тапсырылды, жүлдегер топтарға дипломдар сыйлықтар табысталды. "Ең үздік жедел жәрдем бригадасы"деп танылған "Шипагер" медициналық колледжінің "Жедел жәрдем періштелері" тобына қосымша Астана қаласы әкімдігінің жедел медициналық жәрдем станциясына тамыз айынан бастап жұмысқа қабылдауға сертификат және өтпелі Кубок тапсырылды! Барша атсалысқан медициналық колледждерге алғыс айтамыз! Байқаудың өтуіне жағдай жасап қолдау көрсеткен Астана қаласы әкімдігінің қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ұжымына ерекше алғыс айтамыз, бас фельдшер Л.Н.Малиновскаяға алғысымыз шексіз! Бастысы сайыс бір қадамсыз мамандарымыздың шыңдап, құзыреттіліктерін дамытты!!!