Еліміздің Парламент Мәжілісінің депутатымен бірге "Шипагер" медициналық колледжінің студенттерімен кездестік

Еліміздің Парламент Мәжілісінің депутаты Бауыржан Мейрамбекұлы Сартбаевпен бірге "Шипагер" медициналық колледжінің студенттерімен кездестік.

Студенттерге еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Колледж студенттері көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алып, референдумды қолдайтындықтарын білдіріп, 5 маусым күні өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.