Осы аптада өткізілген іс -шаралар

Осы аптада өткізілген іс -шараларға тоқталсақ, 16 ақпан күні колледжде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуде ардагерлер ауған қасіреті туралы студенттерге мәліметтермен бөлісіп, қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңы әскери патриоттық әндер сайысына ұласты. Әділ-қазылар алқасының қорытындысы бойынша 1 орын Исабек Алинаға бұйырды. 2 , 3 орындарға Лд 122 тобының студенті Қанат Санжарбек, ЛД 111 тобының студенті Айбас Айсұлу, Лд 212 тобының студенті Полат Әсем және Бабаева Дильдора ие болды.