Колледжде жалпы білім беру және қоғамдық-гуманитарлық пәндер ОӘК кезекті отырысы өтті

Отырыста күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Жиын белсенді өтіп, түйткілді мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, Қазақстан тарихы пәнінен ұстазымыз Қосмағұлова Б.С. «Қазақстан тарихын оқытуда студенттердің шығармашылығын дамыту жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама өте мазмұнды, қызықты, пайдалы болды, жас ұстаздар қызығушылықпен тыңдады. Отырыс барысында колледж психологы Әлихан А.Б. «Біз бірге күштіміз» тренингін өткізді. Бұл тренинг бізді күні бойы позитивті энергиямен жүруімізге себеп болды